Ислам Сұңқар Техникалық колледждің 85 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

dep.jpg

ҚХП фракциясының депутаты Ислам Сұңқар «Цифрлық технологиялар дәуіріндегі заманауи білім мен жұмысшы мамандар: жаңа сын-қатерлер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Шара елордадағы Техникалық колледждің 85 жылдығы мен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды. Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, ғалымдар, оқытушылар, жұмыс берушілер, шетелдік серіктестер және студенттер қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – ұлттық кадрларды даярлау ісіндегі тәжірибе алмасу, шетелдік озық тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне енгізу жолдарын талқылау болды. Сондай-ақ конференцияда цифрлық технологияларды меңгеру дағдыларын қалыптастыру, ғылым мен білімді және инновацияларды заманауи цифрлық дәуір мен жасанды интеллект талаптарына сай дамыту мәселелері сөз болды.

Қатысушылар бизнес пен білім беру мекемелерінің өзара тиімді әріптестік үлгілерін, жұмысшы кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдерін және кәсіби-техникалық білім беруді жетілдірудегі жұмыс берушілердің рөлін талқылады. Өндіріс саласында цифрлық технологияларды қолдану және жасанды интеллектті пайдалану арқылы оқу процесін жетілдіру тақырыптары ерекше қызығушылық тудырды.

Депутат Ислам Сұңқар ұстаздар мен ардагерлерді, колледж түлектері мен студенттерін оқу орнының 85 жылдық мерейтойымен құттықтады.

– Осы жылдар ішінде колледж ел игілігі үшін білікті кадрлар даярлаған беделді оқу орнына айналды. Педагогтердің кәсіби мамандарды даярлаудағы, жастарға еңбек құндылықтарын дарытудағы еңбегі зор, - деп атап өтті Ислам Сұңқар.

Ислам Сұңқардың айтуынша, бүгінде колледж студенттерді еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтарға оқытып, өндіріс орындарымен тығыз әріптестік орнатқан. Бұл өз кезегінде жастардың кәсіби қалыптасуына ықпал етуде.

– Колледж өз жұмысы арқылы елімізде орта арнаулы білімнің маңызын дәлелдеді, – деп түйіндеді депутат.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy