Әрқашан көмекке келуге дайын

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық филиалы 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жиында филиал белсенділері 2024 жылға арналған жоспарларды да талқылады.

ҚХП Павлодар облыстық филиалы (ПОФ) басшысының орынбасары Әлімбек Ағыбаевтың айтуынша, облыста 8 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 3 ұяшық өткен жылы құрылған. 2024 жылы Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қосымша БПҰ, сондай-ақ ауылдық аудандарда 5 ұяшық құру жоспарланып отыр. Бір жыл ішінде филиал мен оның өңірлік өкілдіктері 152 үгіт-насихат және 257 қоғамдық іс-шара өткізіп (қайырымдылық акциялары, алқалы жиындар, қоғамдық қабылдау бөлмелері, мониторингтер, кеңестер, түсіндіру жұмыстары және т.б.), осы шараларға 5800 адам қамтылды.

Сайлау науқаны барысында Ақсу қаласы мен облыс мәслихаттарына ҚХП атынан 3 депутат сайланды. Олар халықпен 53 кездесу ұйымдастырып, 93 депутаттық сауал жолдады, 17 қайырымдылық іс-шара өткізді. Азаматтардың 125 өтініші пысықталып, 108-і оң шешімін тапты, қалғандары бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Партия мүшелері, әсіресе, төтенше жағдайлар кезінде бірінші болып қолдан келгеннің бәрін жасауда. Бұл өткен қыста жылу берілмеген кезеңде Екібастұз тұрғындарына көмек көрсету, Ақсу қаласындағы өрт сөндірушілерді қолдау және орман өрттерін сөндірумен айналысатын адамдарды тамақтандыруды ұйымдастыру секілді жұмыстар кезінде нақты көрінді.

Бір жыл ішінде филиал 4 меморандумға қол қойып, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар үшін «Ашық есік күні» атты 5 іс-шара өткізді. Азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүзеге асырылады, азаматтар қоғамдық қабылдау бөлмесіне кез келген уақытта жүгініп, онда егжей-тегжейлі консультациялық және заң көмегін ала алады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy