Мәжіліс депутаты, Президент жанындағы әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Халық партиясының өкілі Кенжеғұл Сейтжан Орал қаласында азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға қала мен облыс тұрғындары келіп, әлеуметтік және тұрғын үй мәселелерінен бастап, денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы қызмет сапасын арттыруға қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қоғамдық қабылдаудың қорытындысы бойынша Кенжеғұл Сейтжан халықпен тікелей диалогтың маңызына назар аударды.

– Ашықтық пен халықпен тұрақты байланыс қана өзекті мәселелерді тиімді шешуге жол ашады, – деді депутат.
Тұрғындар көтерген мәселелер депутаттың жеке бақылауына алынды.
@halyk_partiyasy