Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалдары «Жұмысшы мамандықтар» жылына арналған акциясын жалғастыруда. Партия мүшелері өз аймағындағы ерекше көзге түскен кәсіпорындарды құттықтау хатпен марапаттады. Акция қызметі экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған мамандықтардың беделін сақтап, дәріптеуге бағытталған.
Партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Прогресс тігін фабрикасы» ЖШС еңбек ұжымына Құттықтау хат табыс етті. СҚО ҚХП филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Қожахметов зауыт ұжымына қажырлы еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, Еңбек адамын қолдаудың маңызына тоқталды. Хатпен бірге ЖШС қызметкерлеріне электрлі термос сыйға тартылды.
ҚХП Алматы қалалық филиалы «BACCHUS» АҚ еңбек ұжымын құттықтады.
«Биылғы жыл еңбек адамдарына, өзінің біліктілігімен, тәжірибесімен және ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандарға арналған. Сіздер біздің қаламыздың және бүкіл Қазақстанның даңқын асқақтатып жүрген нағыз кәсіби мамандарсыздар!», - деп атап өтті партиялықтар.
Кәсіпорын қонақтары шарап жасау өнері дәстүрдің, шеберліктің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің қосындысы екенін атап өтті.
«Сіздердің еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің арқасында еліміздің шекарасынан тысқары жерлерге танымал жоғары сапалы өнімдер шығарылуда. Сіздер отандық брендтің беделін сақтай отырып, талғамды ғана емес, өндіріс мәдениетін де қалыптастырып отырсыздар», - деді ҚХП өкілдері.
Партияның Ақтөбе облыстық филиалы «Ақтөбе ЖЭС» АҚ еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырды. Филиал төрағасының орынбасары Марат Нұркеев бұл ұжым жергілікті энергетика саласындағы негізгі кәсіпорындардың бірі екеніне тоқталды. Қазір мұнда 600-ге жуық адам жұмыс істеп, жылу электр орталығының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде. Нұркеев. ұжымды құттықтап, олармен жұмыс жағдайын, даму перспективаларын және қызметкерлерді толғандыратын басқа да мәселелерді талқылады.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» жобасы жұмысшы мамандықтары өкілдерінің маңызын, олардың кәсібилігін және өңір экономикасын дамытуға қосқан қомақты үлесіне назар аударуға себеп болып отыр», - деп түйіндеді ол.