Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы жобасын халықаралық консорциум жүзеге асыруы керек деп санайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы референдумда дауыс беріп болған соң аяқталғаннан кейін бірден өткен брифингте айтты.
Журналистердің «АЭС құрылысын қай ел жүргізеді?» деген сауалына жауап бере отырып, Тоқаев бұл күрделі мәселе екенін атап өтті.
«Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керек. Ең басты міндет – ел экономикасының дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді іздеу. Менің пікірімше, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет», - деп нақтылады Президент.
6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтті. Бюллетеньде бір сұрақ болды: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?». Ал дауыс берушінің таңдауына екі жауап нұсқасы ұсынылды: «иә, келісемін» және «жоқ, келіспеймін».
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес референдум өтті деп танылды. Саяси науқанға 7 820 204 азамат, яғни сайлаушылардың 63,66 пайызы қатысты. Электораттың 71,12%-ы (5 561 937 адам) атом электр станциясының құрылысын қолдады. 2 450 270 азамат қарсы дауыс берді.
Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов бұл референдумның барша қазақстандық үшін экономикалық және стратегиялық ғана емес, сонымен қаттар қуатты саяси мәні де бар екенін айтты.
«Бүгінде, демократия елімізде шындыққа айналды. Бұл – талқылау, бұл – халықтың талқылауға қатысуы. Бұл – елдегі барлық тағдыршешті мәселе бойынша шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысуын арттыруға негізделген демократия», - деп нақтылады депутат.