Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдумды өтті деп есептеуге болады. Себебі, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге 6 миллион 339 мыңнан астам адам қатысқан. Бұл қазақстандық сайлаушылардың 51 пайызынан астамы.
ОСК сағат 14:00-дегі жағдай бойынша электораттың референдумға қатысуы бойынша алдын ала мәліметті жариялады. Ресми ақпаратқа сәйкес, осы уақытқа дейін дауыс бергендер саны барша халықтың 51,77 пайызын құрады.
«Егер дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, референдум өтті деп есептеледі», - деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілі Сәбила Мұстафина.
Бүгін, 6 қазанда елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Қазақстандықтар «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген бір сұраққа иә немесе жоқ деп жауап беруі керек.
Қазақстан Халық партиясының өкілдері референдумға электорат ретінде ғана емес, жалпы процеске барынша белсенді ат салысып жатыр. ҚХП Ақтөбе, Ақмола және Ақтау облыстық филиалдарынан партия мүшелері дауыс беру тәртібін бұзу фактілерінің болмауын қадағалау үшін сайлау учаскелеріне Халық штаб атынан бақылаушы ретінде қатысуда.