Әрекет ететін уақыт

Қазақстан Халық партиясы «Күш әрқайсымызда!» деген ұранмен дәстүрлі партия жақтастары форумының сериясын жалғастыруда. Бұл жолы іс-шара Қонаев қаласының Мәдениет сарайында өтті. Қонақтарды салтанатты түрде Қазақстан Халық партиясы Алматы облыстық филиалының жетекшісі Асқар Ниязов қарсы алды.

Қатысушыларға құттықтау сөз арнаған ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев форум өтіп жатқан қала еліміздің көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімімен аталатынын атап өтті.

1

– Бұл адам еліміздің дамуына зор үлес қосты, – деді партия басшысы. – Оның «Өмірдің екі тірегі: үйренуден – жалықпау, үйретуден – аянбау» деген сөзі біздің партияның ұстанымына толық сай келеді.

ҚХП санаулы уақытта еліміздегі ең танымал медиа-партияға айналды. Тек өткен жылдың өзінде партия қатарына шамамен 7000 адам қосылды. YouTube пен TikTok-тағы партиялық видеолардың қаралымы 300 миллионнан асып, жазылушылар саны 700 мыңға жақындады. Мұндағы медиа сүйемелдеу тек ақпарат пен үгіт- насихат құралы ғана емес, сонымен қатар өзекті мәселелерді жариялау мен шешу тәсілі ретінде қолданылады. Көпшілікке жариялау арқылы партия Қарағандыдағы саябақты нүктелі құрылысқа бергізбей қорғап қалды, елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған орталыққа демеуші тапты, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесті және басқа да игі істерді жүзеге асырды.

3

– Біздің медиа-ресурстардың артында нақты іс тұр! – деп атап өтті Е. Ертісбаев. – Біздің міндетіміз – осы жұмысты жалғастыру!

Партия төрағасы алдағы Конституциялық реформа мен бір палаталы Парламент құру бастамасына ерекше назар аударды. Айта кетейік, форум өткен күні Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы жарияланды.

– Біздің партия үшін парламенттік көпшілік болу – халықтың өмірін жақсартуға берілетін мүмкіндік, – деді Ермұхамет Ертісбаев. – Біз бұл мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланамыз! Мен біздің жеңіске сенемін!

ҚХП белсендісі, параспортшы, блогер әрі мотивациялық спикер Айсұлу Сүлейменованың жігерлі сөзі «кейінге қалдырылған өмір» синдромымен күреске және дәл қазір әрекет етуге шақыруға арналды.

2

– Есте сақтаңыздар: ертең дегеніміз – елес! – деді ол. – Бізде бар жалғыз уақыт – бүгін.

Мәжіліс депутаты, ҚХП «Jas Orta» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар өз тәжірибесімен бөлісіп, партияның жастар үшін әлеуметтік саты ретіндегі рөлін айтты.

Мәжілісмен өз сөзінің бір бөлігін Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына арнады. Ол болашақ Құрылтай депутаттарын пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша сайлау рәсімін нақтылады.

– Мұндай жүйе саяси партиялардың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді, – деді И. Сұңқар. – Бұл партияаралық бәсекелестікті күшейтіп, оны жаңа әрі сапалы деңгейге көтереді.

Ал Қазақстан Халық партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының кеңесшісі Эльмира Әуезова «Күш әрқайсымызда!» деген ұран жай сөз емес, партияның ортақ міндеті екенін атап өтті. Оның айтуынша, бір мақсаттың айналасында бірігу арқылы ғана елді дамудың жаңа деңгейіне шығарып, Әділетті Қазақстан құруға болады. Әуезова алдағы Конституциялық реформаға, атап айтқанда, Қазақстанның Халық Кеңесі жалпыұлттық диалогының жаңа тұғырнамасын құру бастамасына оң пікір білдірді.

– Бұл заң шығаруға бастамашы болу құқығына ие және халық мүддесін білдіретін ең жоғары консультативтік орган болады, – деп түсіндірді ол.

Форум филиал белсенділерін партиялық медальдармен марапаттаумен және жаңа пікірлестерге партия билеттерін салтанатты түрде табыстаумен аяқталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy