Қазақстан Халық партиясы «Дара Тұлға» атты жаңа мәдени-ағартушылық акциясын бастады. Акция аясында мәдениет қайраткерлерімен кездесулер, мұражайларға саяхат, кітапханаларды аралау және т.б. іс-шаралар өткізіледі.
Осы мақсатта, ҚХП Қарағанды облыстық филиалы «Комната Рериха» ерекше үй-мұражайының негізін қалаушы Александр Шпренгермен кездесу өткізді. Мұнда белгілі ойшыл, суретші және шығыстанушы Николай Рерихке арналған экспонаттар жиналған.
Александр Шпренгер Қарағандыда «Арман зертханасы», «Мәдени қарым-қатынас» секілді шығармашылық жобалар мен «Халық мектебі» форумы» қоғамдық ұйымының жетекшісі ретінде танымал. «Рерихтің бөлмесі» көпжылдық еңбектің шоқтығы биік нәтижесі. Онда туғанына 150 жыл толып отырған философ Николай Рерихке арналған экспозиция жинақталған.
– Рерихті әлем азаматы деп атауға болады, - деп атап өтті кездесуге қатысушылар. - Ол кескіндеме академигі, жазушы және шығыстанушы болған, сондай-ақ ғылыми-техникалық қоғамдар ұйымдастырған.
«Рерихтің бөлмесі» бес жыл бұрын ашылған. Бұл жинақталған дүниелерді, әрине, әдеттегі мағынада музей немесе көрме залы деп атауға болмайды. Мұнда Николай Рерихтің танымал 120 картинасы мен оның ұлы Святослав Рерихтің тағы 20 картинасының репродукциялары жиналған.
– Олардың негізгі бөлігі Самарада, осындай тапсырыстарды орындайтын ірі кәсіпорында жасалған, - деп түсіндірді Александр Шпренгер. - Онда әлемдік мәдениеттің жауһарлары жинақталған орасан зор ашық қолжетімді мұражай жабдықталған.
Сонымен қатар, «Рерих бөлмесінде» тарихи материалдар, фотосуреттер, бейнелер, ойшылдың шығармашылық жолы туралы кітаптар топтастырылған.