Республикалық бюджет: қабылдауға болмайды түзетуге

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы Үкіметтің бюджет қаражатын жұмсауға деген көзқарасын сынға алды. Фракция басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов атап өткендей, мемлекеттік қазына бұрынғысынша тиімсіз жұмсалуда, шенеуніктер қаржы тапшылығын ҚР Ұлттық қорының есебінен жабуда, әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар еселеп өссе де, неге екені түсініксіз, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі еш өзгермей тұр.

Магеррамовтың айтуынша, көп жағдайда проблемалардың қайнар көзі тиімсіз басқару, нашар жоспарлау және мерзімінде қаржылық міндеттемелерді орындамау болып табылады. Ең бастысы, осындай кемшіліктер үшін ешкім де жауапқа тартылмайды. Бюджет жобасында ҚР Ұлттық қорынан 7,6 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт мөлшерін бекіту ұсынылады. Алайда депутаттар, әдеттегідей, бұл қаражаттың жұмсалуы экономикалық өсімді арттыруға, экономика салаларын жандандыруға және нақты жұмыс орындарын құруға ешқандай да әсер етпейді деп күдіктенеді.

– Біз бұл үшін Үкіметті талай рет сынадық, - деп еске салды Магеррамов. - Өкінішке қарай, біздің Үкімет бүрынғыша, ағымдағы проблемаларды шешу үшін қаржыны Ұлттық қордың резервінен ала салатын жеңіл жолмен жүруден бір танбай келеді.

Қазақстанда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар да тұрақты түрде өсіп келеді. ҚХП бөлінген қаражатты, мысалы, сол көпбалалы аналарды және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды оларға тәрбиешілер мен әлеуметтік қызметкерлер ретінде жалақы белгілеу арқылы экономикалық айналымға тартуға жұмсауды ұсынды. Алайда бұл мәселенің «шешіліп келе жатқанына» да бірнеше жылдың жүзі болды.

– Мәселе адамдарға келгенде, неге екені белгісіз, Үкімет экономикалық тиімділік туралы ойлана бастайды, - деп сынға алды Мәжіліс депутаты. – Дей түрғанмен, банктерге триллиондаған көмек оңай көрсетіледі, ашылуынан жабылуы тез өндіріс орындары мен «Рухани Жаңғыру» сияқты тиімсіз мемлекеттік бағдарламаларға бюджет қаражаты еш қиындықсыз бөлінеді. Қаншама жылдардан бері мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық оңалту құралдарын (TОҚ) сатып алуға деген жеңілдіктерді ақшамен алмастыруды енгізу туралы ҚХП-ның ұсынысы аяқсыз қалып келеді.

– Егер Үкімет үшін құрғақ сандық статистика емес, сапалық көрсеткіштер маңызды болса,- деді Магеррамов. – Жеңілдіктерді ақшамен алмастыру бюджет ақшасын босқа шашпауға мүмкіндік береді. Әрине, қазіргі таңда елдегі ең ауыр мәселе - инфляцияның өсуі, өкінішке қарай, оған жалақының ойланбастан өсуі ықпал етеді. Мұндай шешім баға белгілеудің баламалы саясатынсыз жағдайды одан әрмен нашарлатады.

– Тауарлар мен қызметтердің бағасы бақылаусыз өсуде, - деп қорытындылады ҚХП-дан сайланған депутат. - Егер бұдан әрі де осындай жағдай жалғаса беретін болса, онда жалақы мен зейнетақыны көтеру жөніндегі біздің барлық игі бастамаларымыз инфляцияға ұшырап, бар құндылығын жоғалтады. ҚХП фракциясының басшысы, сөз соңында, Үкімет республикалық бюджет жобасын қабылдау алдында жоғарыда аталған кемшіліктерді ескеріп, түзетуі керектігін атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy