Баршаңызды еліміздегі маңызды мерекелердің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республика күні – ортақ Отанымыздың әрбір патриоты мен азаматы үшін айтулы мереке. 1990 жылы қабылданған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация Тәуелсіздіктің бастауы болып, мемлекеттілікті, ұлтаралық бірлік пен ынтымақты нығайтуға мүмкіндік берді.
Республикамыз саяси, экономикалық, әлеуметтік, халықаралық салалар бойынша қарқынды дамып, белсенді түрде алға ұмтылып келеді. Бүгінде еліміздің мақтан тұтар жетістігі жеткілікті. Әрі қарай да ата-баба аманатына қиянат жасамай, қазіргідей бірлесіп ел іргесін нығайтып, гүлдендіре берейік.
Осынау айтулы мерекеде еліміздің әрбір азаматына зор денсаулық, бейбіт өмір, тұрақтылық пен бақ-береке тілейміз!
Қазақстан Халық партиясы