Құрметті достар, әріптестер және ниеттес жандар!

dep.jpg

Біз ҚХП төрағасының бұрынғы орынбасары, партияның бұрынғы мүшесі Асхат Асылбековтың орынсыз дау-дамайына куә болдық.

Төрағаның экс- орынбасарының арандату мақсатындағы айыптаулары мен оның БАҚ пен әлеуметтік желіде айтқан сөздерінің ешқандай негізі жоқ. Асылбеков партияның идеологиясы және саясатына кереғар әрекеттер жасағаны үшін қызметтен босатылып, кейін ҚХП қатарынан шығарылды. Біздің бұрынғы әріптесімізді және оның негізсіз мәлімдемелерін қолдаған адамдарды шеттету бойынша барлық әрекет Жарғы мен қолданыстағы Еңбек заңнамасының шеңберінде жүргізілді, тиісті құжаттар бар.

Халық партиясы барлық жалаға қарамастан өз жұмысын жалғастырып жатыр. Соңғы жылдары біз мол жетістікке қол жеткіздік. Бірнеше табысты сайлау науқанын өткізіп, өз позициямызды едәуір нығайттық. Жаңа көппартиялы Парламентте оңай болмаса да, біз өзіміздің фракциямызды сақтап қалдық, қазір Мәжілісте олар бастама көтерген заң жобалары қаралуда. Біздің партияның өкілдері түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары мен аудан әкімдері болып сайланды. ҚХП филиалдары өңірлерде нәтижелі еңбек етуде. Саясаты социалистік идеяларды ілгерілетуге бағытталған партияның медиа-құрылымдары дамып, көрермен саны артуда. Бастауыш партия ұйымдарының саны мен ҚХП құрамына кіруге ниет білдірушілердің саны өсуде.

Осындай нәтижелі жұмыстар тұрғанда, ниеті дұрыс емес жандардың түрлі құйтырқы істерінің күлкі шақыратыны рас. Алайда, тарих көрсетіп отырғандай, сенімсіздік пен алауздық тудыру үшін кейде бұл да жеткілікті.

Біздің қарсыластарымыздың нақты мақсаты - ҚХП-ның қазіргі басшылығының беделіне нұқсан келтіріп, партиялық құрылымдардың ішіндегі араздықты тудыру.

Кейбіреулер жеке амбицияларын қанағаттандыру үшін партияның болашағын да құрбандыққа шалуға дайын.

Әрине, партия өзін-өзі қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. ҚХП-ның атына жала жабу ісіне заңдық тұрғыда баға берiледi. Дегенмен, қазір барлығымыз үшін осы жылдар ішінде жеткен жетістіктерді сақтап қалу және оны ешкімнің бұзуына жол бермеу маңызды. Сіздердің әрқайсыңызды арандатуға ермей, келіп түсетін ақпаратты объективті бағалауға және жалпы жағдайға сындарлы көзбен қарауға шақырамыз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy