Сізді төл мереке – туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жоғары кәсіби біліктілігіңіз бен беделіңіздің арқасында заң саласында ғана емес, саяси қызметте де табысқа жетіп, абыроймен еңбек етіп келесіз. Еліміздегі заң шығару жұмыстарына белсене қатысып, баға жетпес үлес қостыңыз. Партиямыздың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық фракциясын басқара отырып, әріптестеріңізбен бірге социалистік партия бағдарламасын жоғары деңгейде насихаттап жүрсіз.
Бойыңыздағы ұйымдастырушылық қабілетіңіз, мол саяси тәжірибеңіз бен мықты ерік-жігеріңіз өмірде қиын жағдайға тап болған қазақстандықтардың мәселелерін шешуге бағытталған. Жалғызбасты аналарды, ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды, бір сөзбен айтқанда, мемлекеттен әлеуметтік қорғауды аса қажет ететін жандарды қолдаудаға негізделген бастамаларыңыз бәріміздің есімізде. Сіз – сайлаушылар тарапынан ерекше құрмет пен сенімге ие болған үлкен жүректі тұлғасыз.
Сізге зор денсаулық, мол қуаныш, биік белес, ұзақ ғұмыр, сонымен қатар отбасыңызға бақ-береке тілейміз. Әрқашан достарыңыз бен әріптестеріңіздің, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың жылуы мен қолдауына бөленіп жүре беріңіз. Және, әрине, ортақ Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы сан қырлы қызметіңізде қашан да сәттілік серік болсын!
Қазақстан Халық партиясы