Құрметті медицина қызметкерлері!

dep.jpg Қазақстан Халық партиясы Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!

Сіздер ұлт сапасын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Біз сіздердің саламатты Қазақстан құру жолындағы еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз.

Сіздер адам жанына араша түсіп, баршаға үміт пен мейірім сыйлайсыздар. Сіздер осыған дейінгі қиын сәттерде міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел сенімін ақтадыңыздар.

Сіздерге ерен еңбектеріңіз бен қажыр-қайраттарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз.

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy