Құрметті металлургия саласының қызметкерлері!

dep.jpg Қазақстан Халық партиясы сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен құттықтайды!

Сіздер Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Металлургия – сенімді ілгерілеу мен дамуға, лайықты және баянды болашаққа үміт сыйлайды. Бұл отандық экономиканың көшбасшыларының бірі саналатын және республикамыздың өнеркәсіптік әлеуетінің орнықты дамуын қамтамасыз ететін сала. Осы салада жұмыс істейтін мамандар болмаса, ғылыми-техникалық прогресті ілгерілету мүмкін болмас еді.

Металлург мамандығы – мықты әрі табанды адамдардың ісі. Сіздердің қызметтеріңізде батылдық, еңбекқорлық һәм шеберлік үйлесім тапқан.

Металлургия үлкен жауапкершілікті, терең білімді және жоғары біліктілікті талап етеді. Сіздерге баға жетпес еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

Қазақстан Халық партиясы үнемі ауыр және қауіпті өндірісте, оның ішінде металлургия саласында еңбек ететін азаматтардың құқығын қорғап келеді.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық, сарқылмас қуат тілейміз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy