Туған жерге тағзым...

Павлодар облысы Теренкөл ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, тың игеруші, Қашыр аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Әубәкір Ибраевқа арналған «ТУҒАН ЖЕР» атты естелік кітаптың салтанатты тұсаукесері өтті. Жинақ Қазақстан Халық партиясының қолдауымен жарық көрді.

ҚХП өкілдерінің айтуынша, мұндай еңбектер — тарихи жадымызды сақтауда маңызды рөл атқаратын рухани құндылық. Жинақта батырдың туған-туыстары, әріптестері мен замандастарының естеліктері мен сирек архивтік материалдар топтастырылған. Кітапты құрастырушы — Әубәкір Ибраевтың қызы Нұрсұлу Сәлімбаева. Жинаққа ардагердің ұлы Марат Ибраевтың жеке архивінен алынған құжаттар да енген.

1

Тұсаукесерге Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық филиалының мүшелері, Теренкөл ауданы әкімдігінің өкілдері, ардагерлер, жергілікті тұрғындар мен Әубәкір Ибраевтың туыстары қатысты. Шара барысында аудандық кітапхана арнайы көрме ұйымдастырып, батырдың жауынгерлік және еңбек жолы туралы тың мәліметтер ұсынды.

3

– Әубәкір Ибраев — туған жерінің өркендеуіне өмірін арнаған аңыз тұлға. Оның өмір жолы – нағыз жауапкершіліктің, ерліктің және отансүйгіштіктің үлгісі, – деді қатысушылар.

4

Кітаптың бірнеше данасы аудандық кітапханаға, Қызылтаң ауылдық Мәдениет үйіне және Теренкөл ауданы ішкі саясат бөліміне табысталды.

5

– Бұл жинақ – бірегей тұлғаның жарқын бейнесін кейінгі ұрпаққа жеткізетін тарихи мұра, – деп қорытындылады кітапты жарыққа шығарғандар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy