Ротация: Мәжілістегі ҚХП фракциясының құрамы өзгерді

dep.jpg

2024 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Халық партиясының Бюросы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХП фракциясының мүшесін ротациялау туралы шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Г.Ш.Танашеваның депутаттық мандаты қайтарып алынып, бос мандат А.Ж.Нұралинге берілді.

Қазақстан Халық партиясы Г.Танашеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреді. Гаухар Шаймерденқызы партия атынан Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамында болып, әлеуметтік мәселелерді көтерді. Бюро шешімі қабылданғаннан соң, Г.Ш.Танашеваға партия ресурстарын пайдалана отырып, өз күш-жігерін әлеуметтік саладағы мәселелерді шешуге бағыттау мақсатында ҚХП Орталық аппаратында жұмысын жалғастыру ұсынылды.

Мәжіліс депутаттарын ротациялау – партияның белгілі бір кезеңде алға қойған міндеттерін жүзеге асырудың заңды әрі өздігінен жүретін үрдіс.

ҚХП, сайлау нәтижесінде ҚР Парламенті Мәжілісіндегі 5 депутаттық мандатқа ие болып, басынан-ақ өз өкілдерінің алдына белгілі бір мерзімге дейін нақты міндеттер қойды. Ротация болуы мүмкін екені ескертіліп, кез келген уақытта Парламентте де, партияның басқа құрылымдарында да жұмыс істеуге дайын болу қажеттігі жөнінде тапсырма берілді.

Партия Төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Съезде партия мүшелері мен оның жақтастары алдында сөйлеген сөзінде депутаттарды ротациялау партияның басым бағыттарының бірі ретінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын мәлімідеген еді. Бұл процесс фракцияның тиімді жұмысын қамтамасыз ете отырып, партиялық тізімнің әрбір мүшесіне заң шығару жұмыстарында өзін көрсетіп, әділетті қоғам орнатуға үлес қосуына мүмкіндік береді.

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. ҚХП Мемлекет басшысының саясатын қолдайды және жұмысшы мамандықтарды халыққа кеңінен насихаттауға, олардың өкілдеріне лайықты еңбек жағдайларын жасауға және жалақысын арттыру жұмыстарына барынша белсенді қатысуға ниетті.

Осыған байланысты ҚХП парламенттік фракциясының әлеуетін күшейту туралы шешім қабылданды. А.Ж.Нұралин ірі металлургтер кәсіподағының басшысы, еңбекті ұйымдастыру саласында және ел экономикасын дамыту міндеттерін жүзеге асыруда терең білімі мен мол практикалық тәжірибесі бар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy