Руслан Қатпаев ресми түрде Денисов ауданының әкімі болды

Қостанай облысында жаңадан сайланған Денисов, Федоров, Қарабалық, Алтынсарин аудандары мен Рудный қаласының әкімдері ресми түрде қызметке кіріп, қызметтік куәліктерін алды.

1

Сайлау барысында Қазақстан Халық партиясының кандидаты Руслан Қатпаевқа азаматтардың басым бөлігі дауыс берген. Партия өкілі енді 16500-ден астам халқы бар Денисов ауданын басқарды.

2

Денисов ауданының құрамына 9 ауылдық округ пен 3 ауыл кіреді. Онда сайлауға қатысқан 11 600 мыңнан астам дауыс беруші тұрады. Руслан Жоламанұлы 71,7% дауыспен сенімді түрде жеңіске жетті. Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Денисов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ирина Важничая аудан активіне жаңа әкімді таныстырды. Руслан Катпаевқа қызметтік куәлік табысталды.

3


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy