
Тамыздың үшінші жексенбісінде елімізде дәстүрлі түрде Кеншілер күні аталып өтеді. Осы кәсіби мереке күні Қазақстан Халық партиясы жер қойнауын игеру саласында еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жүрген кеншілерге зор алғыс білдіреді.
Көмір және кен өндіру саласы – еліміздегі өнеркәсіп дамуының берік негізі, экономиканың тірегі әрі халықтың әл-ауқатының кепілі. Шахтер еңбегі – ауыр да абыройлы еңбек. Олардың жұмысы – ерлік пен отансүйгіштіктің, кәсібіне деген адалдықтың жарқын үлгісі.
Барша шахтерлерге зор денсаулық, сарқылмас жігер, отбасыларына бақ-береке және мемлекет үшін аса маңызды еңбек жолында толағай табыс тілейміз.
@halyk_partiyasy