Әкімдер сайлауы бақылауда болады!

Бас прокуратура Қазақстан Халық партиясының депутаттарына аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлаудың заңдылығы қадағаланады деп уәде берді. Еске сала кетейік, мұның алдында ҚХП-нан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар ведомствоға депутаттық сауал жолдаған болатын, онда кандидаттарды сайлау комиссияларында тіркеуден бастап, дауыстарды қорытынды санауға дейінгі процестің барлық нормалары мен ашықтығын сақтау қажеттігін атады.

Бас прокурор Берік Асылов айтуынша, сайлау науқанына бақылауды күшейту үшін арнайы штаб құрылады.

  • Бас прокуратура осы сайлаудың барлық кезеңдерінің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру шараларын қабылдады, - делінген ҚХП фракциясының депутаттық сауалына берген жауапта. – Менің басшылығыммен жедел штаб құрылды, осындай штабтар облыстық прокуратураларда жұмыс істейтін болады.
  • Сонымен қатар орталықта және жергілікті жерлерде жұмыс топтары құрылып, олардың құрамына білікті мамандар кіреді.

«Облыс прокурорларына сайлау процесіне қатысушылардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жүктелді, -деген жауапта - Егер қандай да бір заң бұзушылықтар анықталатын болса, тиісті шара қолданылады».

Аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы 2023 жылдың 5 қарашасында өтеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy