Қазақстан Халық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы (СҚОФ) жыл ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Өткен жылы ұйым 12 967 адамды қамтыған 374 іс-шара өткізді.
Филиал Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарының сайлауына белсене қатысты. Конференцияда депутаттыққа 28 кандидат іріктеліп, партиядан 25 кандидат сайлауға қатысуға құжаттарын тапсырды.
Кандидаттар және олардың сенімді тұлғалары (102 адам) халықпен 166 кездесу өткізді, кездесулерге 6020 адам қамтылды, оның ішінде 53 ірі еңбек ұжымдарында кездесу өтті. Нәтижесінде партияның 10 мүшесі депутат болып сайланды, оның ішінде, аудандық мәслихатқа - 8, қалалық мәслихатқа – 2 депутат сайланды. Мәслихат депутаттары халықпен 107 кездесу өткізіп, атқарушы билік органдарына 31 депутаттық сауал жолдады, қоғамдық қабылдауларда 68 азамат қабылданды.
Солтүстік Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесіне ҚХП атынан Гүлбақша Мұсабаева, кейіннен Руслан Асаубаев енгізілді. ҚХП өкілі Қайсар Сәрсембаев мүше болған Петропавл қаласының Қоғамдық кеңесіне Д.Василенко мен О.Харбедия кірді. Есіл ауданының Қоғамдық кеңесіне Нұрболат Жаукенов, Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесіне Әмина Галеева енді. Нәтижесінде партияның 7 өкілі Қоғамдық кеңестерге мүше болды.
2023 жылы ҚХП СҚОФ 5 бастауыш партия ұйымын құрып, ҚХП қатарына 231 адам қосылды. Партияның тағы бір елеулі жеңісі - Мамлют ауданының әкімі болып ҚХП атынан кандидат Елена Степаненконың сайлануы. Сайлауалды науқан барысында халықпен 73 кездесу өткізіліп, бұл кездесулерге 3000-нан астам адам қамтылды.
Бір жыл ішінде СҚОФ «Жаңа Қазақстан: жастар көзімен», «Өңірдің экологиялық проблемалары», «Медициналық сақтандыру проблемалары», «Тарифтер мен инвестициялар» деген тақырыптарда көпшіліктің қатысуымен алқалы жиындар өткізді. Партия мүшелері ҚХП-нан сайланған Мәжіліс депутаттарының «Бюджет, бюджеттік бағдарламалар, мониторинг принциптері», «Қоқыс мәселесі: проблемалар және шешу жолдары»; «Жалақы тіршілік етуге емес, өмір сүруге мүмкіндік беруі тиіс» тақырыбындағы іс-шараларына белсене қатысты. Бұдан басқа, ҚХП өкілдері аймақтағы атаулы оқиғаларға арналған қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене қатысып, халықпен кездесулер мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды. Аталған бағыт бойынша 135 іс-шара өткізілді.