Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы ҚР Салық Кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылау бойынша сараптамалық кездесу өткізді. Оған Парламент депутаттары, ойын қауымдастықтары, МЖӘ ұйымдары, мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
ҚХП парламенттік фракциясының басшысы, депутат Магеррам Магеррамов атап өткендей, сауатты салық саясаты әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді, әлеуметтік теңсіздікті қысқартады және экономиканы тұрақтандырады.
– Жаңа Кодекс инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және бюджетке түсетін түсімдердің қажетті деңгейін ұстап тұру арасындағы ақылға қонымды теңгерімді қамтамасыз етуі тиіс, - деп атап өтті мәжілісмен.
Ойын бизнесіне салық салу жүйесін жетілдіруді және жеңілдетуді "Қазақстан букмекерлерінің өзін-өзі реттейтін ұйымы" қауымдастығы "ЗТБ президенті Рауан Кенжалин ұсынды. Оның айтуынша, ұтыстардан ЖТС, КТС, ҚҚС және букмекерлік кеңселердің кассасына салынатын салықты барлық кассалық түсімдердің 5% мөлшеріндегі бірыңғай арнайы салықпен ауыстыру керек. Сондай-ақ - букмекер кеңсесі төлеген ақшаның барлық сомасының 1% мөлшерінде салықтық емес қорлар үшін клиенттердің шотына мөлшерлеме белгілеу.
– Біз салық салудың ұсынылып отырған нұсқасы салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға, салық салудың ашықтығын арттыруға және салық түсімдерін ұлғайтуға бағытталғанына сенімдіміз, - деп атап өтті Кенжалин.
Оны Төлем ұйымдары қауымдастығының сарапшысы, Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі штабтың басшысы (Pay Dala Төлем Ұйымы) Ирина Давиденко қолдады. Ол букмекерлерге қатысты барлық заңнамалық нормалар аралас салалар жұмысында көрініс табатынын еске салды. Ал бұл тек төлем ұйымдары саласында он мыңдаған жұмыс орны.
– Біз сіздерден букмекерлік бизнесті жойып жібермеуді сұраймыз, - деп мәлімдеді Давиденко. - Себебі букмекерлермен бірге тек лудомандар ғана жоқ болып кетпейді, бәрі ойлағандай, Қазақстанның жас әрі болашағы зор қаржылық технологиясы да жойылады.
ҚХП депутаты Ирина Смирнова тараптарды заңнамалық алаң ретінде әрекет етуге шақырды. «Букмекерлер өз ұсыныстары бойынша қаржылық есептеулерін ұсынсын, ал мемлекеттік органдар елімізде тек «ойын» туризмі ғана емес, сонымен қатар оның медициналықтан бастап экологиялық туризмге дейін басқа да түрлері бар екенін еске түсіруі керек» деді депутат.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин барлық ұсыныстармен танысып шығып, оларды қарауға уәде берді. Бірақ ол бизнестің басқа түрлерінің де арнайы салығы көп екенін, ол барлық соманың 8% -нан басталатынын тұспалдап айтып кетті.
– Бұл жерде құрылымның өзі қызықты, - деді Әмрин.
Сараптамалық кездесуді аяқтай келе, Магеррам Магеррамов әңгіменің тартымды, әрі жемісті болғанын атап өтті.