Сапар аяқталғанымен партия жұмысы белсенді жалғасып жатыр...

ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен Кенжеғұл Сейітжанның Қарағанды облысына жұмыс сапары аяқталды. Бұл сапар депутаттардың сайлаушылармен кездесулері бағдарламасы аясында өтті.

Депутаттың жоспарлы сапарының қорытынды шарасы №1 мамандандырылған мектеп-интернатында өткен кездесу болды. Депутат-омбудсмен мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен және оқушылармен кездесті.

1

3

Әңгімелесу барысында көру қабілетінде кемістігі бар К.Сейітжан интернат оқушыларымен жеке тәжірибесін бөлісті – депутаттың өзі кәсіби параспортшы, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін қатысушысы және пара-велоспорттан 2024 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ көру қабілеті нашар балаларға арналған арнайы жобаларды одан әрі әзірлеу және жүзеге асыру, түлектерге білім беруді жалғастыру және зағип жандарға арналған голбол, шоудаун сияқты арнайы спорттық ойындарды дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мәжілісмен әлемді өзгерткен ұлы зағиптардың жергілікті мұражайының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

4

1

2

3

Жұмыс сапарын аяқтар алдында К.Сейжан ҚХП Қарағанды облыстық филиалының белсенділерімен, жергілікті мәслихат депутаттарымен және Қарағанды облысының әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметкерлерімен де кездесті.

4

5

«Бұл кездесуде ХӘОТ санатындағы халыққа қатысты бірқатар негізгі мәселелер талқыланды. Нәтижесінде ҚР министрліктерінің өкілдерімен zoom-конференция өткізу туралы шешім қабылдадық», - деді депутат.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy