Сапасыз егу емес, сапалы емдеу қажет!

dep.jpg

Үкімет вакциналар мен медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуға 5 832 377 600 теңге сомасында резервтік қаражат бөледі. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Препараттардың көп бөлігі бұрын ұлттық күнтізбе шеңберінде вакцинацияны өткізіп алған 18 жасқа дейінгі балаларға екпе жасауға арналған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда ондай 800 мыңнан астам адам бар. Көкжөтел, дифтерия, А және В вирусты гепатиттері, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, паротит және гемофильді инфекция сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы қарқынды иммундау жүргізіледі.

Қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджеттеріне 747 720 доза вакцина және 542 592 бірлік шприц сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде бағытталады. Шығыс Қазақстан облысында балаларды вакцинациялауды қолда бар қорлар есебінен жүргізу көзделіп отыр.

Шындығын айтқанда, сатып алынатын препараттардың сапасы, оларды сақтау шарттары және т.б. мәселелер әлі күнге шешімін таппаған күйі қалып отыр. Бұған дейін Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті жерлердегі медицина мемкемелерін нәтижелі дәрілердің орнына арзан дәрі-дәрмек сатып алғаны үшін, сондай-ақ жарамдылық мерзімін өткізіп алғаны үшін бірнеше рет сынға алған болатын. Олар мұндай сатып алуларға қоғамдық бақылау орнатуды ұсынды.

– Мемлекет оларға ұсынылатын дәрілердің қауіпсіздігі мен тиімділігіне кепілдік беруі тиіс, - деп атап өтті партия мүшелері. – «Бірінші байлық – Денсаулық!»


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy