Үш дегенің қандай күш?

dep.jpg

Мәжіліс қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Енді қазақстандықтарға қоғамдық бірлестіктер құру үшін бұрынғыдай 10 адам емес, үш адам да жеткілікті болмақ.

Кемшіліктер мен түсініксіз тұстарды жоятын қажетті түзетулер негізгі заңға да, ілеспе заңнамаға да енгізілді. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді құруға бұл нормалар қолданылмайды.

Маңызды құжатты талқылау барысында Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан ҚБ басшыларын президенттер деп атаудың қаншалықты заңды екенін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің қаншалықты көп болуы мүмкін екенін сұрады.

– Мен елімізде бір президент бар деп есептеймін, - деп атап өтті мәжілісмен. - ҚБ басшыларының атауына қатысты сіздің ұстанымыңыз қандай? Бізде 15 мыңға жуық үлкен қоғамдық бірлестіктер бар, олар заңнамамен бекітілген тәртіпте тіркеледі ме, әлде басқа процедуралардан өтеді ме? Аида Балаева ҚБ басшыларын қалай атау өз еріктерінде екенін, бірі өзін президент, біреуі атқарушы директор, ал біреуі төраға деп атайтынын нақтылады.

– Мұны өздері шешеді, - деп түсіндірді министр. – Мен өзім де бір Қордың президентімін, бұдан ешқандай заңнамаға қатысты қайшылық көріп тұрған жоқпын.

Сондай-ақ, Балаева мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердің қызметіне араласуға және біріккен ұйымдардың санын бақылауға құқығы жоқ екенін атап өтті. Тек заң бойынша бекітілген ең аз бірліктен кем болмаса болды.

– Қоғамдық бірлестіктердің қызметі оның қатысушыларының санына емес, нәтижеге байланысты, - деп мәлімдеді министр. - Мысалы, құрамына өте аз адам кіретін бірлестіктер бар, бірақ олар өнімді жұмыс атқарады. Бақылау процесі - бұл біздің құзыретімізде емес.

Балаева қоғамдық бірлестіктер көздеген мүдделері бойынша одақтар мен альянстарға бірігіп, өз санын арттыра алатынын да айтты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy