Шах және мат!

ҚХП Маңғыстау облыстық филиалы «Халия» бірлестігімен бірлесіп, көпбалалы отбасылар мен партия өкілдерінің балалары арасында шахматтан турнир өткізді. Ойын соңында барлық жас қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

«Шахмат – әлемдік дәстүрі бар интеллектуалды ойын. Ол стратегиялық ойлауды, ымыраға келу қабілетін және қарсыластар арасындағы өзара құрметті қажет етеді», - деп атап өтті турнирді ұйымдастырушылар.

1

Шараның мақсаты – балалардың зияткерлік ойындарға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар облыста шахматты кеңінен насихаттау.

2

«Партия балалар арасында осындай турнир өткізуді дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр», - деп атап өтті ҚХП Маңғыстау облыстық филиалы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy