Шекаралар мен кешендер

dep.jpg

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы индустриялық сауда-логистикалық кешен (ИСЛК) құру және қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады.

Кешен қазақстандық және қырғызстандық аумақта орналасады деп болжануда, яғни, шекара маңында, «Қарасу-автожол» (Қазақстан) және «Ақ-Тілек-автожол» (Қырғызстан) өткізу пункттерінің жанында орналасады. Енді бәрін заң бойынша рәсімдеу ғана қалды.

Ал дәл осы тұста мәселе туындауы мүмкін. Атап айтқанда, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов құрылыстың құқықтық реттелу жағын сұрады.

– Жер Кодексіне сәйкес, ҚР мемлекеттік шекарасының шекара маңындағы белдеуінде орналасқан жер учаскелері жеке меншікке, соның ішінде уақытша жер пайдалануға берілмейді, - деп еске салды Мәжіліс депутаты. - Шекара маңындағы аймақтан жер телімі берілген кешеннің құрылысы қолданыстағы заңнамаға қайшы келмей ме?

Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Қайрат Төребаев заңға қайшы болмайды деп сендірді. Оның айтуынша, бұл мәселені министрлік ҚР ҰҚК-мен бірлесіп мұқият зерттеген және ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қорытындысына сәйкес, бұл аумақ мемлекеттік шекараның санитарлық аймағына жатпайды.

– Кешен мемлекеттік шекарадан тыс салынатын болады, - деп түсіндірді Төребаев. - Бұл аймақ индустриялық аймақ ретінде айқындалған. Ол инвесторға жеке меншікке өтпейтіндей етіп, жалға берілетін болады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy