Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара мәжілісмендердің сайлаушылармен кездесу мақсатындағы жұмыс сапарлары аясында өтті.
«Үміт» дағдарыс орталығы өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға кешенді қолдау көрсетеді. Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Ең бірінші әлеуметтік қолдау бойынша - атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) рәсімдеуге жәрдемдесуден және тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялаудан бастап, кәсіп алуға және кейіннен жұмысқа орналасуға дейін жалғасады. Ал құқықтық қолдау бойынша - құжаттарды рәсімдеуге көмектесуден бастап, сот дауларын шешу кезінде адвокаттық қызметке дейінгі заңгерлік қолдау жүргізіледі. Мұнда, сонымен қатар, балаларға да, ересектерге де жарақат алған оқиғалардан кейін оңалтудан өтуге мүмкіндік беретін психологиялық қолдау көрсетіледі.
Кездесу барысында түрлі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, «Үміт» ұжымының пікірінше, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік деңгейінің ең төменгі шегін төмендету қажеттілігі әңгіменің жеке тақырыбына айналды.
– Адамдар медициналық және тұрғын үй қажеттіліктері үшін жинақталған зейнетақы қаражатының белгілі бір көлемін ала алуы қажет, - деп атап өтті кездесуге қатысушылар. – «Шектік деңгейге» қол жеткізілгеніне немесе жетпегеніне қарамастан. Бұл ақшаға мұқтаж адамдардың жалақысы төмен болғандықтан жинаған ақшасы аз.
Жалақының аздығы (сондай-ақ демалыс төлемдері мөлшерінің төмендігі) мәселесі Орталық қызметкерлерінің өздері үшін де өзекті болып отыр. Егер басқа бюджеттік мекемелерде немесе мемлекеттік қызметте демалыстар жалақыдан екі есе көп болса, мұнда ондай жағдай жоқ. Ал қызметкерлердің демалысқа шығуы қаржылық жағынан, тіпті, тиімсіз болып отыр.
Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар «Біз осы мәселелер бойынша жұмыс істейтін боламыз», - деп кездесуді қорытындылады.