Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқардың Абай облысына жұмыс сапары жалғасуда. Ол Семей қаласында бірқатар кездесулер өткізді.
Осындай іс-шаралардың бірі Шәкәрім атындағы университетте өтті. Оқытушылар студенттік стипендия мәселесін көтерді. Әлеуметтік осал топтардағы оқушылар кездейсоқ үштіктің салдарынан өмірге қажетті төлемдерден айрылады. Стипендия төлеуді үлгеріммен тікелей байланыстырмау ұсынылды, оның үстіне грантқа түскен студенттер үшін кейбір жоғары оқу орындарында мұндай тәжірибе бар. Және, әрине, ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесі ашық күйінде қалып отыр.
– Бүгінде бізде әрбір салада кадр тапшылығы бар, - деп атап өтті Ислам Сұңқар. - Бұл ретте студенттер оқуын бітіріп, дипломын алғанмен, еңбек өтілі мен тәжірибесінің жоқтығынан жұмыс таба алмайды. Жас мамандардың өз кәсібін игеріп кетуіне жағдай жасау қажет.
Ядролық медицина және онкология орталығындағы кездесуде қатысушылар зиянды және қауіпті мамандықтар туралы заңнамаға медицина қызметкерлерін, оның ішінде қауіпті рентген сәулесімен жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды арттыру үшін өзгерістер енгізуді ұсынды.
Әлихан Бөкейхан атындағы университетте болған кездесуде «15-ші шағын ауданға қашан асфальт төселеді, жаңа көпірдің құрылысы неге тоқтатылды?» деген секілді бірқатар Семей қаласының инфрақұрылымына қатысты мәселелер көтерілді. Көпбалалы аналар өздерін орналастырған тұрғын үй сапасының төмендігіне шағымданды. Оларда өз бетінше күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік жоқ. Азаматтық белсенділер мемлекеттік органдардың жұмысына халықтық бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Олай болмаған жағдайда шенеуніктер өткен жылғы «Семей орманы» орман резерватындағы өрттен кейінгі сияқты жауапкершіліктен оңай құтылып кетеді.