Өңірлерге жұмыс сапары барысында Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар Шідерті кентінің тұрғындарының өтініш-шағымын тыңдады. Олар жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмейтініне шағымданды.
Мәжілісмен барған инфрақұрылым нысандарының қатарында Шідерті кентінің маңындағы №87 бөгет болды. Бастапқыда депутат жергілікті ТЖ органдарының өкілдерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Белгілі болғандай, төтенше жағдай кезінде, мысалы, бөгет бұзылған жағдайда, құтқару техникасы оқиға орнына бір сағаттан ерте жете алмайды.
– Бізде тікұшақ жоқ, – деді құтқарушылар.
Ауыл тұрғындары И.Сұңқарға өткен жылдан бері жылу коммуникациялары жөнделіп жатқанын айтты.
– Биыл жұмысшылар келіп, жылу желілерінің бір бөлігін бөлшектеп тастады. Содан бері біз оларды көрмедік, – деді ауыл тұрғындары. – Бір айдан кейін қазандықтың дайындық паспортын рәсімдеу қажет болады. Желісіз қандай дайындық болуы мүмкін?
Кездесуге қатысқан ЖАО қызметкерлері бұл мәселені қысқа мерзімде шешуге және оны бақылауға алуға уәде берді.