Шәкіртақы өседі

dep.jpg Үкімет 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап шәкіртақыны ұлғайтатын болды. Бұған дейін Мәжіліске Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Ислам Сұңқар дәл осы мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдаған болатын.

– Жатақханада тұру ақысын төлеу, шәкіртақы көлемінің аздығы студенттерді жұмыс істеуге мәжбүрлейді, – деген еді мәжілісмен. – Бұл студенттердің оқу сапасына кері әсер етеді.

Үкімет депутаттық сауалға жауап беріп, елімізде жаңа оқу жылынан бастап білім алушылардың шәкіртақысы өсетінін хабарлады.

«...Шәкіртақы мөлшері келесідей болады, – деп мәлімдеді Үкіметтен. –Докторанттарға («Денсаулық сақтау» бағытын қоса алғанда) - 217 500 теңге. «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңге. Магистранттарға - 97 024 теңге. Интерндерге - 75 890 теңге. Педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге - 67 200 теңге».

Бұған қоса жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге - 41 898 теңге, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 32 681 теңге, техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 31 422 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy