Қазақстан Халық Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында Жастар қанатының кеңсесі ашылды. Ашылу салтанатына ҚХП Орталық аппаратының өкілдері, филиал басшылығы, мәслихат депутаттары, студенттер мен азаматтық белсенділер қатысты.
Шарада ҚХП ОА ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрдәулет Оразханов пен қалалық мәслихат депутаты Анжела Горностаева кеңсенің қызыл лентасын салтанаты түрде қиды. Сонымен бірге жиналған жастармен өзара пікір алмасты.
Білімді жастар – кез келген елдің жарқын болашағы, - деп атап өтті өз сөзінде Горностаева. - Қазіргі реформалар сапалы білім беруге бағытталған. Осында жиналған жастарға сол реформаларды жүзеге асырады деп үлкен үміт артамыз Нұрдәулет Оразханов ҚХП әрқашан бастамашыл жастарды қолдайтынын атап өтті.
Бұл кеңсені ашудағы басты мақсат - жастардың саяси белсенділігін арттыру, оның рухани және мәдени дамуы, - деп түсіндірді Оразханов. – Біз жастарымыздың барлық саладағы мәселелерін бірлесіп шешкіміз келеді.
Жиында Жастар қанатының жетекшісі, медицина университетінің студенті Дамир Райымхановқа кеңсенің символдық кілті табысталды, одан соң шараға келгендерге шағын экскурсия ұйымдастырылды.
– Жастар қанатының кеңсесі өз бетінше жұмыс істеуге дайын, - деп атап өтті ҚХП өкілі Жадыра Закарина. - Мұнда жастар мемлекеттік қолдау және әлеуметтік көмек туралы ақпарат ала алады. Олар ерікті ретінде өздерін сынап та көре алады.
Жадыра Закарина ҚХП ШҚО филиалының Жастар қанаты - жастардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғауға белсенді қатысуға ниетті екенін атап өтті.