2024 жылдың 29 маусымында Қазақстан Халық партиясы төрағасының бұрыңғы орынбасары Асхат Асылбеков партия құрамынан шығарылды. Партияның Тәртіптік комиссиясы тиісті қаулы қабылдады.
Үш ай бұрын ҚХП Бюросының қаулысымен Асхат Асылбеков төрағаның орынбасары қызметінен босатылды. Партиялықтар мен басқа да ұйымдардың тарапынан оның қызметіне шағым болғаннан кейін, дауыс беру арқылы ( сегіз дауыс «жақтап» , бір дауыс «қарсы»!) осындай шешім қабылданды. Одан бөлек, Асылбековты шеттетуге оның ҚХП саясатына қайшы жария мәлімдемелер жасауы себеп болды. Партия Жарғысының нормаларына сәйкес, оның әрекеті партияның саяси беделіне нұсқан келтіру болып саналады.
Алайда, тәжірбие көрсеткендей, төрағаның бұрыңғы орынбасары бұдан сабақ алмады. Ол аздай, партияның 20-жылдық мерейтойы қарсаңында Асылбеков интернет ресурстарда « ҚХП ҮШІН «ШАЛ КЕТ!» ДЕГЕН ҰРАН НЕЛІКТЕН ӨЗЕКТІ?» деген тақырыпта, партия басшылығының беделін түсіруге және партияның жағымсыз имиджін қалыптастыруға бағытталған бірқатар дәлелсіз мәлімдеме жасады.
«... А. З Асылбеков демагогия және «эмоцияға ойнау» тәсілдерін шебер меңгергендіктен, қазақстандық қоғамдағы өзекті тақырыптарды қолдана отырып, (оның ішінде ұлттық-этникалық ) оқырман мәлімдеменің дұрыс-бұрыстығын ажыратып жатпай, бірден автордың көзқарасын қабылдайтындай етіп, тақырыпты ортаға асқан ептілікпен «тастай» салды...» -Тәртіптік комиссияның сараптамалық қорытындысында осылай атап өтілді. –«...А. З Асылбековтың әрекеті партия басшылығына деген сенімсіздіктің туындауына ықпал етеді, ал бұл ұйым жұмысының тұрақтылығы мен тиімділігіне қауіп төндіреді...»
Қорытындысы заңды болды. Комиссия Асхат Асылбековты ҚХП құрамынан шығарды.