Шығындар еселеп өсуде, ал сапа - жоқ!

dep.jpg

Мәжілісте 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі ұсынылды. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков хабарлағандай, өткен жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 489 млрд теңге болған. Ал бюджет тапшылығы - 3,1 трлн теңге.

- Әкімшілердің бюджет қаражатын тиімді әрі толық игеруге жауапкершілігін арттыру үшін шаралар қабылданды, - деп сендірді вице-министр. - 2023 жылдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірқатар қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл шаралардан нәтиже шығатынына сену қиын. Жоғары аудиторлық палатаның өкілі Нұрлан Нұржанов атап өткендей, игерілмей жатқан қаржының қазіргі сомасы 2022 жылмен салыстырғанда 16% -ға өскен.

Осындай «тиімсіз» шығындардың бірін Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаты Ирина Смирнова жариялады.

- «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының қызметіне, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бөлінетін қаражат жыл өткен сайын артып келеді, - деп еске салды мәжілісмен. - Алайда, бұдан оқушылардың білім сапасының көтерілгенін көрген жоқпыз.

Депутат ҚР Оқу-ағарту министрлігіне осы жағдайға қалай баға беретіні жөнінде сұрау салды. Осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынғандай, бұл саланы бәсекелестік ортаға беретін уақыт жеткен жоқ па? Сонымен қатар, Ирина Смирнованың анықтағанындай, қазақстандық балалардың кем дегенде 10% -ы жекеменшік мектептерде оқиды, олардың педагогтары біліктіліктерін арттыру курстарында, іс жүзінде, өз есебінен оқиды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі барлық сұрақтарға жазбаша жауап беруге уәде берді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy