Шығысты есептеу құралы

dep.jpg

«Қазақстан мұнай өнімдерін есептейтін бақылау құралдарын (ЕБҚ) өзі шығаруы қажет», деп есептейді Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы.

ҚХП фракциясының басшысы, депутат Магеррам Магеррамов еске салып өткендей, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар міндетті түрде есептеу құралдарымен жабдықталуы тиіс. Алайда, ең басты мәселе, біздің республикамызда қазақстандық мұнай саласы үшін осындай жабдық жасалмайтыны болып отыр.

– Біз, іс жүзінде, кәсіпкерлерді шетелден ЕБҚ сатып алуға мәжбүрлейміз! - деп атап өтті Мәжіліс депутаты. - Бір құрылғының құны 30 млн теңге шамасында болуы мүмкін.

Бұл ақша ел айналымынан шығып, ай сайын ЕБҚ-ын бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсеткені үшін төленетін миллиондаған теңге арқылы жеткізуші мемлекеттің әмиянын толтырып жатқанын есептеу қиын емес. Егер бұл соманы мұнай базаларының санына көбейтсек (ал Қазақстанда 2000-ға жуық база бар!), есеп миллиардтарға кетеді. Ұсақ жеткізушілердің бәрі де мұндай шығынды көтере алмайды, демек, саладағы бизнес автоматты түрде монополияланады, бұл да нарыққа кері әсерін тигізеді. Ең бастысы, қауіпсіздік мәселесі де ашық күйінде қалып отыр.

– Қойма туралы деректер, оның орналасуы, сақталатын мұнай өнімдерінің көлемі туралы ақпараттар теріс пиғылдылар пайдалана алатын әлеуетті қауіпті диверсия құралы, - деп атап өтті Магеррам Магеррамов. - Импортталатын ЕБҚ-ны бағдарламалық қамтамасыз етуде сақталатын ақпараттың нақты қорғалғанына кепілдік бар ма?

ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаты, сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде тұйық өндірістік цикл құру туралы тапсырмасын еске салды. Жоғарыда келтірілген факторлар осы жолды тиімді жүргізу үшін тікелей кедергілер болып табылады.

– Біз өз қолымызбен экономикамыз үшін мұнай сияқты маңызды салада импортқа тәуелділік жағдайын қалыптастырып отырмыз, - деп мәлімдеді мәжілісмен.

ҚХП фракциясы осы мәселеге қатысты Үкіметтің ұстанымына қызығушылық танытты, сондай-ақ мұнай қоймаларында пайдаланылатын бақылау есептеу құралдарын әзірлеу бизнесін қоса алғанда, отандық мұнай кәсіпорындарын қалыптастыру үшін жағдай жасау жоспарын әзірлеуді ұсынды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy