Шымкенттегі жүздесулер

Қазақстан Халық партиясы жүзеге асырып жатқан «Партиялық серпін» жобасы аясында Орталық аппарат пен Астана қалалық филиалының ұйымдастыру бөліміне жетекшілік ететін Нұрдәулет Оразханов Шымкент қаласына іссапармен барды. Жобаның мақсаты – партияның идеологиясы мен саяси бағдарламасын сайлаушылар араснда кеңінен насихаттау.

Сапар аясында ҚХП-ның Шымкент қалалық филиалы «Әділ билер» республикалық қоғамдық бірлестігімен маңызды кездесу ұйымдастырып, өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Қазір екі тарап мегаполистегі өзекті мәселелерді бірлесіп бақылауға алған. Кездесу барысында Нұрдәулет Оразханов партияның басты мақсаттары мен жетістіктері туралы баяндап, ортақ жұмыс атқарудың маңызын атап өтті.

1

– Бүгінде бәріміз Жаңа Қазақстанды құруға үлес қосып жатырмыз. Біздің мақсаттарымыз үндес, біз халық мүддесіне бірге қызмет етеміз, – деді ол.

Сондай-ақ, ҚХП Орталық аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері мен оқытушыларына партиялық билет тапсыру салтанатын өткізді. Ол өз сөзінде жастардың саясаттағы рөлін, ел болашағы үшін жауапкершілігін және саяси белсенділіктің маңызын ерекше атап өтті.

5

3

4

7

8

– Біздің қатарымызға қосылып жатқан жастар – елдегі қоғамдық процестерге бейжай қарамайтын, тың идеяларымен ерекшеленетін және ел болашағына үлес қосуға дайын азаматтар екеніне сенімдімін, – деді Нұрдәулет Оразханов.

Сонымен қатар, ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі қалалық филиалдың белсенді мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында филиалдың жұмысын тиімді ету жолдары, алдағы кезеңге арналған жоспарлар, жергілікті деңгейде маңызды мәселелерді жүйелі түрде көтеру және оларды шешу жолдары кеңінен талқыланды.

6

– Партия филиалдары халықтың әлеуметтік сұраныстарына жедел үн қатуы тиіс, – деп қорытындылады Нұрдәулет Оразханов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy