Қазақстан Халық партиясы Еңбек адамын ұлықтау акциясын жалғастыруда. Бұл іс-шаралар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Акция барысында партия өкілдері өңірлердегі маңызды ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына барып, оларға құттықтау хаттарын табыстауда.
Қостанай облыстық филиалының өкілдері «Чистый квадрат» жеке кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырды. Партия мүшелері кәсіпорын қызметкерлеріне халыққа көрсетіп отырған қызметі үшін алғыс білдірді.
Ақмола облыстық филиалының белсенділері Қызылжар ауылындағы блок-модульді қазандық жұмысшыларымен және «Степногорск-Экспресс» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Еңбек ұжымдарына арнайы құттықтау хаттары табысталды.
Ұлытау облыстық филиалының өкілдері Жезқазған қаласындағы «ЖЕЗТЕМИР» ЖШС қызметкерлерін құттықтады.
– Сіздердің еңбектеріңіз – еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен дамуына қосылған қомақты үлес, – деп атап өтті ҚХП өңірдік филиалы төрағасының орынбасары Болат Төрежаров.