ҚХП фракциясы Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы мінез-құлық және психикалық патологияға байланысты жыныстық сәйкестігі бұзылған тұлғалардың жынысын ауыстыруға заңмен тыйым салуды ұсынып отыр. Ал заңдағы түзетулер қабылданғанға дейін мұндай хирургиялық операцияларға тыйым салу қажет екенін жеткізді.

Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ҚХП фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды бірнеше рет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды берік және дәйекті түрде дамытуға шақырғанын еске салды.

«Еліміздің бай тарихын, ата-бабаларымыздан қалған ұлттық болмысымызды, мәдени және дәстүрлі құндылықтарымызды ескере отырып, гендерлік сәйкестендіруде ауытқуы бар адамдардың гендерлік сәйкестігін өзгерту біз үшін қолайлы ма деген сұрақ туындайды», - деді депутат.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес 21 жасқа толған, психикалық мінез-құлқында ауытқуы жоқ азаматтар жынысын ауыстыруға құқылы. Алайда, «жыныстық сәйкестендіруде ауытқуы бар» деген ұғымның өзі белгілі бір ауытқудың бар екенін көрсетеді. Мұндай азаматтарда физикалық ауытқулар болмағандықтан, олардың кемшілігі не психикасында, не мінез-құлқында болуы мүмкін деп ойлауға негіз бар», - деп түсіндірді депутат.

Дені сау адамның өз ағзасына гормоналды және хирургиялық өзгерістер жасауы дұрыс емес. Психикалық және мінез-құлықтық патологияларды емдеудің орнына, дәрігерлер керісінше, адамның денесін оның бұрмаланған қабылдауына бейімдеуге тырысады.

– Мұндай әрекеттердің рұқсат етілуі қазақ мәдениетіне жат идеяларға негізделген деструктивті топтардың ықпалын күшейтуі мүмкін, – деп нақтылады мәжілісмен.

Осы тұста депутат Үкіметтен «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында жынысты өзгерту операцияларына қандай көзқарас ұстанатынын түсіндіруді сұрады. Неліктен біз мінез-құлық/психикалық ауытқуды хирургиялық жолмен «емдейміз»? Қазақстанда қанша адам жынысын өзгертуге ота жасатқысы келді, қанша ота жасалды және қанша науқас бұрынғы күйіне оралғысы келетіні жеткізді?

– Мұндай манипуляциялар медицинаның басты қағидаты – «Зиян келтірме» принципіне қайшы келмей ме? Бұл жағдай ұлттың моральдық саулығына зиян тигізбей ме?, - деген риторикалық сауалды да қойды депутат.

ҚХП фракциясы денсаулық сақтау туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді, ал олар қабылданғанға дейін жыныс ауыстыруға қатысты барлық хирургиялық операцияларға уақытша тыйым салуды ұсынды


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy