Омбудсмен ретінде омбудсменге айтамын!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан Қарағандыға жасаған жұмыс сапары барысында Қарағанды облысындағы әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкіл Гаухар Әкежановамен кездесті.

Кездесу барысында омбудсмендер өзекті мәселелерді, сондай-ақ Қазақстанда инклюзивті қоғамның дамуын тежеп отырған қиындықтар мен кедергілерді талқылады.

– Әңгіме ашық әрі іскерлік форматта өтті, – деп қорытындылады К. Сейтжан. – Гаухар Әкежанова қоғамның нақты сұранысын әсірелеусіз және формалды тұжырымдарсыз баяндады. Мен өз тарапымнан қазірдің өзінде қандай шешімдер бар екенін, ал қай бағыттарда мақсатқа жету үшін жүйелі тәсіл қажет болатынын атап өттім.

Атап көрсетерлігі, кездесуде Конституциялық реформа тақырыбы тілге тиек болды. Омбудсмендер отырыстардың ашықтығы мен жариялылығын, тікелей трансляциялардың жүргізілуін конституциялық өзгерістерге қоғамның сенімі мен белсенді қатысуының маңызды элементі ретінде атап өтті.

– Мұндай кездесулер есеп беру үшін ұйымдастырылмайды, – деп түйіндеді Кенжеғұл Сейтжан. – Бұл жүйелі жұмыс. Бір-бірімізге қай жерде және қалай көмектесе аламыз, қай тұста өзара қолдау көрсете аламыз – әңгіме осы туралы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy