Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының көп жылдар бойы қордаланған мәселелерін көтерді.
Мұнда басты мәселе - халықтың жаппай кетуі, бұл кадр тапшылығына және мамандардың жетіспеушілігіне алып келіп отыр.
– Үкімет жүргізіп отырған солтүстікке көшіру бағдарламаларында ауыл тұрғындарының әл-ауқатына жеткілікті көңіл бөлінбегендіктен күтілетін нәтиже бермей келеді, - деп атап өтті фракция жетекшісі. –. Қоныс аударушыларға да, солтүстік өңірлердің тұрақты тұрғындарына да қолайлы жағдай жасау үшін «солтүстік» ақшалай үстемеақы енгізуді ұсынамыз.
Тағы бір өңірлік проблема - нысандарды газдандыру мәселесінің шешілмеуі.
– Солтүстік өңірлердегі қолжетімді су қоймаларының көп болуына қарамастан, таза сумен жабдықтау проблемалары, жергілікті жағдайдың шешімін таппай отырған мәселесінің бірі. Аграрлық өңір - солтүстіктің ауыл шаруашылығы жүйесіндегі кемшіліктер де дәл осындай.
– Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерімен белсендірек айналысу керек, - деді Магеррамов. - Ауыл шаруашылығы министрлігінің дұрыс ойластырылмаған ережелері қауіпті ветеринарлық аурулардың таралуына әкеп соғып отыр.
Депутат жол инфрақұрылымының жай-күйіне алаңдаушылық білдіре отырып, салмақ өлшейтін станциялар орнатуды және ауыр жүк көліктері үшін жол жүру ережелерін сақтауға қатаң талаптар енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, ол өңірдегі интернетке қолжетімділіктің төмендігін атап өтіп, Петропавл қаласының халықаралық әуежайының жағдайын сынға алды.
ҚХП депутаттық фракциясы Үкіметті аталған облыстардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауға шақырды.