Қазақстан Халық партиясы «Спорт - өмір серігі» акциясы аясында спортты және салауатты өмір салтын насихаттауды жалғастыруда. ҚХП филиалдары республика өңірлерінде турнирлер, жарыстар және жастардың қазақстандық чемпиондармен кездесулерін өткізіп, жігер жанитын басқосуларға ұйықты болуда.
ҚХП Маңғыстау облыстық филиалы жергілікті колледж студенттері арасында әскери-спорттық жарыстар ұйымдастырды. Мұнда бастапқы әскери-технологиялық даярлық оқытушылары жарыс түрлерін, олардың ережелері мен шарттарын анықтады. Бұл сайыстардың құрамына спорттық эстафета, жылдамдыққа автоматтар жинау, арқан тарту және т.б. кіреді.
– Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды патриотизмге тәрбиелеп, олардың бойында жауынгерлік рухты арттыру, - деп атап өтті партия мүшелері. - Сондай-ақ - денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа қатысушылар бойдағы қабілет-дарындарын лайықты көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша ҚХП Маңғыстау филиалының басшысы Әбдірашит Нияз жас жеңімпаздарды құттықтап, оларға кубоктар мен грамоталар тапсырды.
ҚХП Батыс Қазақстан облыстық өкілдігі Орал қаласында партия белсенділері арасында шахмат турнирін ұйымдастырды. Шахмат тәжі жарысының көшбасшылары естелік сыйлықтар мен Алғыс хаттарға ие болды.
ҚХП Жамбыл облыстық филиалындағы партия мүшелері үстел теннисіне, арқан тартуға және спорттық эстафетаға ерекше көңіл бөлді. Жарысқа филиалдың басшылығы мен активі, азаматтық белсенділер, Тараз қалалық мәслихатының депутаттары және Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығының қызметкерлері қатысты.