Елордадағы кездесулер

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Астанадағы сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда.

Мәжілісмен елордалық №1 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы базасында орналасқан Қалпына келтіре емдеу және оңалту орталығына барды.

1

2

– Мен Орталықтың жұмысымен танысып, мамандармен әңгімелестім, сондай-ақ балалардың оңалту қызметін қалай алып жатқанын көрдім, – деді депутат. – Әрине, шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Біздің фракция өзекті сұрақтарды бақылауына алады.

3

4

Депутат Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де болды. Бұл елорданың мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алу, мониторинг жүргізу және күтіп-ұстау мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым.

5

– Біз тұрғын үй заңнамасының нормативтік-құқықтық аспектілерімен қатар өзге де өзекті мәселелерді талқыладық, – деп нақтылады Магеррамов. – Кездесу қорытындысында алдағы уақытта пысықталатын бағыттар айқындалды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy