Халық игілігі жолындағы бастамалар

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы ел ішінде кеңінен талқыланып жатқан маңызды тақырыптардың біріне айналды. Мемлекет басшысы айқындаған мақсат-міндеттер халықтың жүрегінен орын табуда. Қазақстан Халық партиясы аймақтарда ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді түрде жалғастырып, алдағы реформалар мен еліміздің болашағы туралы кеңінен баяндауда.

Осы мақсатта Павлодар облыстық филиалы аймақтың инфрақұрылымдық кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырды. Атап айтқанда, «Павлодарэнерго» АҚ мен «Павлодар-Водоканал» ЖШС қызметкерлерімен жүздесу өтті.

1

– Бұл жолғы Жолдау – жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы еліміздің даму бағдарын нақты белгілеп берген құжат. Инфляциямен күрестен бастап, инвестициялық саясатты қайта құру, экономиканы цифрландыру және әлеуметтік саланы жаңғыртуға дейінгі мәселелер қамтылған. Бұл құжат стратегиялық бағдар ғана емес, әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер ететін нақты іс-қимыл жоспары, – деп атап өтті филиал белсендісі Әлімбек Ағыбаев.

2

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне тікелей қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Талқылау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының мүшкіл жағдайы, инфрақұрылымды жаңғыртудың маңыздылығы, су шығыны мен электр энергиясының тапшылығы, сондай-ақ коммуналдық сала қызметкерлерінің ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі сөз болды.

3

– ТКШ-ны жаңғырту және бұл салаға цифрлық технологияларды енгізу – әрбір тұрғын үшін нақты пайдасын тигізеді, – деп қорытындылады коммуналдық сала қызметкерлері.

4

Батыс Қазақстан облысындағы партия мүшелері «Малышарики» ЖШС және Орал қалалық көпсалалы ауруханасының ұжымымен кездесті. Әңгіме барысында әлеуметтік-экономикалық даму, денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар сөз болды.

5

6

– Мұндай кездесулер азаматтардың мемлекеттік саясатты тереңірек түсінуіне және елдің даму үдерісіне белсенді араласуына ықпал етеді, – деді ҚХП-ның БҚО филиалының төрағасы Борис Лаврентьев.

7

Жамбыл облыстық филиалдың өкілдері әлеуметтік сала мамандарымен, медициналық оңалту орталықтарының қызметкерлерімен және педагогтармен кездесті. Сонымен қатар, олар «JETI BULAQ» ЖШС-ға да барып қайтты. Кездесулер ашық пікір алмасу форматында өтті. Жолдаудағы бастамалармен қатар, қатысушылар қала көркейту мәселелерін және жастардың жасанды интеллектпен жұмыс істеуге бейімделуін талқылады.

8

9

Атырау облыстық филиалдың мүшелері «Атырау облысы Су Арнасы» кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Басқосуда Президент жолдауында айтылған су ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздік мәселелері кеңінен сөз болды.

10

11


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy