Су тасқынын жоюдың алдыңғы сапында!

«Біздің күшіміз - бірлікте!». Қазақстан Халық партиясының белсендісі Ғани Қандиев осылай деп есептейді. Біз белсенді азаматтың Алматы қаласындағы жұмысынан демалыс алып, су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына ерікті түрде барғанын жаздық.

– Менің көмегім теңіздің тамшысындай болса да, елге пайдасы тиетініне сенімдімін! - деп мәлімдеді Ғани Қандиев кетер алдында.

Атырауға ұшып келгеннен кейін активист ҚХП Атырау облыстық филиалының төрайымы Балжан Досмұхамбетоваға хабарласты. Айта кету керек, партияның жергілікті филиалы да апатқа қарсы күреске белсене қатысуда. Олар су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарында жұмыс істеуде, қажетті материалдар мен құрал-саймандарды сатып алып, су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауда және құтқарушылар мен еріктілерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуге дейін атсалысуда. Алматылық ерікті Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына бөлінді.

– Жағалауда түрлі жастағы ерлер мен әйелдер аралас көптеген адамдардың жұмыс істеп жатқанын көрдім, - дейді Қандиев. - Күректермен қаруланып, олар күні-түні күш-жігерлерін аямай, құм салынған қаптан қоршаулар тұрғызып еңбек етеді. Адамдар ортақ мақсат үшін - жерімізді қорғау үшін жұдырықтай жұмылып еңбек етуде.

Кейінірек, ерікті азамат ҚХП Атырау филиалының өкілдерімен бірге су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласына барды. Онда партия мүшелері су басқан аумақтардан қоныс аударған азаматтар тұратын эвакуациялық пунктке, сондай-ақ, гуманитарлық көмек алатын мектепке болды. Осы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, жергілікті тұрғындардың сауалнамасына сүйене отырып, алдымен ҚХП Орталық аппаратына, содан кейін өңірлік мәслихаттардың депутаттарына жолданатын ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy