Жаңа Үкімет бұрынғы қателіктермен күресіп жатыр – Ирина Смирнова

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова 2024 жылғы республикалық бюджетті орындау кезінде жіберілген қателіктерді қазіргі Үкімет түзетіп жатқанын атап өтті. Ал бұл қателіктерге жол берген алдыңғы үкімет мүшелері бүгінде Жоғары аудиторлық палатада отырып, шын мәнінде, өзін өзі сынап отыр.

– Қаржы министрі есеп беріп жатқанда, бұрынғы премьер-министр, ал қазіргі Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов бүгінгі Үкіметтің жұмысын сынға алды. Бұл – әділетсіздік, – деді Мәжіліс депутаты.

Смирнова мысал ретінде 2023 жылы Қызылорда облысында су қоймасын салу жобасын келтірді. Бұл жобаға республикалық бюджеттен 23 триллион теңге жұмсалмақ болған. Бұл «жомарттықты» қазіргі Қаржы министрлігі дер кезінде тоқтатқан.

– Ол кезде бұл шешімді қабылдаған Үкіметті қазіргі ЖАП басшысы басқарған. Ал енді сол шығындардың есебін қазіргі Қаржы министрінен сұрап жатыр. Ал бұрынғы басшылар жауапкершілік танытпай отыр, – деп еске салды депутат.

Ирина Смирнованың айтуынша, бұрынғы премьер-министрге аудитор болу көбірек жарасады, дегенмен бюджетті орынсыз жұмсағаны үшін жауапкершілік мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy