Судың да сұрауы бар!

dep.jpg

ҚР Үкіметі 2024-2030 жылдарға арналған ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамыту Тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжат, әзірлеушілердің айтуынша, сала бойынша ағымдағы жағдайға талдау жасап және ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып жасалған.

Премьер-министр Әлихан Смайылов атап өткендей, суды ұтымды пайдалану - ел үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

– Оны іске асыру су қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде қажетті су ресурстарының мониторингі мен болжамының нақты жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді Үкімет басшысы. - Тұжырымдаманың маңызды бағыты су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және қайта жаңарту болып табылады. Ұзақ жылдар бойы оның мазмұнына тиісті назар аударылмаған.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, су қоймаларын қайта құруға шамамен 2 триллион теңге қажет.

– Төтенше жағдай туындағанда қауіп төндіретін су қоймаларының арнайы тізбесі бар, олар стратегиялық нысандар, - деп нақтылады министр. - Олар ерекше бақылауда. Бүгінгі таңда Министрлік аталған нысандарға зерттеу жүргізуде.

Сонымен, елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 20 жаңа су қоймаларын салу және 15 жұмыс істеп тұрған су қоймаларын қайта жаңарту, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам ирригациялық арналар мен гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту көзделіп отыр. Бұл тізімге Қордай ауданының су қоймалары кіре ме деген қызық сұрақ болып тұр. Аудан тұрғындары Қазақстан Халық партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирновамен кездесу барысында суармалы су мәселесін көтерді, сол кезде өңірдің аграрлық екені, суаруды қажет ететіні нақты айтылды. Ауыл тұрғындары кеңес заманынан қалған жергілікті су қоймаларын тазартуға рұқсат сұрады. Тазарту жұмыстары көктемгі су ағызу мен қар ұстаудан суды жинауға мүмкіндік береді.

– Адамдардың қолында осының бәрін қалай жасау керек деген жоба да бар, - деп атап өтті Смирнова. - Олар судың тапшылығына жай ғана наразы емес. Қолдарында жағдайды қалай түзету керектігі туралы барлық есептеулері бар, конструктивті ұсыныстары бар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy