Қазақстан Халық партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов Астана қаласындағы көлік иелеріне арналған мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Сапар мәжілісмендердің сайлаушылармен кездесу мақсатындағы жұмыс сапары аясында өтті.
Қазақстанның автоцондары үнемі дау-дамайдың астында қалады. Жүргізуші куәлігін алу кезіндегі парақорлық туралы халық арасында: «Куәлікті сатып алдым - жүргізуді сатып алған жоқпын!» деген анекдоттар көптен бері айтылып келеді. Алайда, көлік жүргізе алмайтын жүргізушілер жасаған ЖКО статистикасына қарасақ, ол мүлдем күлкілі емес. Әзірге осы саладағы сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың ең тиімді тәсілі жаппай цифрландыру болып табылады.
– Мамандандырылған ХҚКО қызметімен танысқаннан кейін қызметтерді алудың барлық процестері дерлік цифрландырылғанын атап өткім келеді, - деді Магеррам Магеррамов кездесу қорытындысы бойынша. - Теориялық емтихан тапсыру үшін кіреберісте биометриялық бақылау және жүргізу бойынша практикалық емтихан үшін қашықтықтан бақылау орнатылған.
Бір сөзбен айтқанда, компьютермен «келісімге келе алмайсың». Мұндай жоғары технологиялық жаңалықтар заң бұзушылық фактілерін болдырмауға көмектеседі деп үміттенеміз.
– Заманауи технологиялар адамның процестерге қатысуын барынша азайтады, - деп қорытындылады Мәжіліс депутаты. - Бұл емтихан нәтижелерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді, демек - сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді.