Тағы бір өңірде ҚХП-ның филиалы ашылды!

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде ресми түрде позициясын нығайтуда. Жақында Түркістан облысы Келес ауданында ҚХП облыстық өкілдігінің ресми ашылуы өтіп, төрағасы болып Нұрлан Апсиков тағайындалды.

Салтанатты шараға ҚХП Орталық аппаратының өкілдері, Түркістан облыстық филиалының басшылығы, сондай-ақ облыс активі мен тұрғындары қатысты. Қатысушылар өкілдік ашу азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге және партия бағдарламасын жүзеге асыруда белсенді жұмыс жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біздің кеңсе жергілікті тұрғындармен өзара байланыс орнату, өзекті мәселелерді талқылау және өңірдегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды ілгерілету үшін маңызды алаңға айналады. Қазақстан Халық партиясы халықпен байланысты нығайтып, ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын жүзеге асыра отырып, желісін кеңейтуді жалғастыруда!», - деп атап өтті Нұрлан Апсиков.

Өкілдіктің ашылуына арнайы келген ҚХП ОА өкілдері Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевпен жұмыс кездесуін өткізді. Шара барысында тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелерін, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған перспективалық жобалар мен бастамаларды талқылады. Қатысушылар өзекті мәселелерді шешу және барлық деңгейдегі әріптестікті нығайту үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасында сындарлы диалог орнатуға, сондай-ақ облыс тұрғындарының мүддесі үшін жұмыстың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді», - деп атап өтті партия мүшелері.

Одан соң Келес аудандық өкілдігінде ҚХП-ның жаңа пікірлестеріне салтанатты түрде партия билетін табыстау рәсімі өтті. Оларды ҚХП ОА ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Оразханов жеке өзі табыстады. Партия қатарына жаңадан қосылғандарды құттықтап, партия қатарына өту қоғам өміріне белсенді араласуға, елеулі бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашатынын баса айтты.

«Біздің ортақ мақсатымыз – халықтың игілігі үшін жұмыс істеп, партияның аймақтардағы позияциясын нығайту», - деді ол.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy