Таланттарға жол ашыңыз!

dep.jpg

Отандық, соның ішінде инклюзивті театрларды қаржыландыру мәселесін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан көтерді.

Қазір Қазақстанда 66 театр жұмыс істейді. Олардың барлығы бірдей мемлекеттік ұлттық академиялық және т.б. ресми мәртебеге ие емес, өйткені, облыстық ұйымдардың ірі қалалардан бір айырмашылығы, бұл атақ жай ғана беріле салмайды.

– Ресми мәртебенің болмауы өңірлік мекемелерді қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, - деді Кенжеғұл Сейтжан. – Яғни, олардың қызметкерлеріне атақтар, лайықты еңбекақы және әлеуметтік пакет төленбейді.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты театр өнері мүгедектігі бар азаматтар үшін бейімделу мен шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің тамаша тәсілі екенін атап өтті. Алайда, біздің елімізде бұл әдіс қолданылмайды, еліміздің шығармашылық жоғары оқу орындары мүгедектігі бар адамдарды (МБА) оқытуға бейімделмеген, ал мүгедектігі бойынша берілетін зейнетақымен білім алуға ақы төлеу мүмкін емес.

– Қазақстанда бүкіл республика бойынша үш инклюзивті театр бар, олар тек ұйымдастырушылардың жанқиярлық еңбегінің арқасында, қоғамдық қорлар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен ғана өмір сүріп отыр, - деп атап өтті ҚХП депутаты.- Мұндай театрлардың іс жүзінде жеке алаңдары, сахнаға қажетті техникалық жабдықтары жоқ және мемлекеттен қаржыландырылмайды.

ҚХП өңірлік театрлардың мәртебесі мәселелерін шешуді, «инклюзивті театр», «инклюзивті актер», «инклюзивті музыкант» және т.б. терминдерді әзірлеуді және заңнамаға енгізуді, сондай-ақ мемлекеттік облыстық және республикалық театрларда мүгедектіктігі бар адамдардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін инклюзивті алаңдар құруды қамтамасыз етуді ұсынады.

– Мүгедектіктігі бар адамның шығармашылық таланты өте жоғары болуы мүмкін ғой?,- деп түйіндеді К.Сейітжан. - Мәдениет және ақпарат министрлігінің міндеті - осы таланттарға жол ашып, бойындағы қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Осыған қатысты сіздердің ведомстволарыңыздың қандай шаралар қолданып жатқанын білгіміз келеді?


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy