Талғар ауданында Қазақстан Халық партиясының филиалы ашылды

Қазақстан Халық партиясы Алматы облысының Талғар ауданында кезекті аудандық филиалын ашты. Тәжірибелі әрі беделді қоғам қайраткері Рафаэль Гайтинов ҚХП өкілдігінің төрағасы болып тағайындалды.

1

Кеңсенің ашылу салтанатына партияның Орталық аппаратының өкілдері, ҚХП Алматы облыстық филиалының басшылығы, жергілікті атқарушы органдар мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері, сондай-ақ ауданның қоғам қайраткерлері қатысты. Ашылу салтанаты барысында партияның жаңа мүшелеріне партия билеті табысталды.

3

4

5

6

– Біз кәсіпкерлердің, медицина қызметкерлерінің, жұмысшылардың және жалпы мүдделі азаматтардың партия қатарына қосылып жатқанына қуаныштымыз. Талғар ауданында филиалдың ашылуы – жергілікті тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға, өзекті мәселелерін шешуге жасалған тағы бір қадам, – деді Орталық аппарат өкілдері.

2

Жиыннан соң өкілдікте азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті. Талғарлықтар инфрақұрылымның тозығы жеткеніне, коммуналдық қызмет бағасының қымбаттағанына, тұрғындардың түрлі әлеуметтік мәселелері бойынша шағымданды.

7

– Барлық өтінішті мұқият тыңдап, әрбір мәселе бойынша шешімдер ұсынылды. Көтерілген мәселелер партияның қатаң бақылауында болады, – деді Рафаэль Гайтинов.

1

Партия мүшелері Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаевпен де кездесті. Кездесу барысында өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy