Талдыкөлдің тағдыры не болмақ?

dep.jpg

Астана басшылығы Кіші Талдыкөлді елорданың көл қорында бар екенін ақыры мойындады. Енді көл бірте-бірте қалпына келтірілетін болады. Бұл туралы «SOS Taldykol» қоғамдық бірлестігінің эко-белсенділері мәлімдеді.

«SOS Taldykol» үкіметтік емес ұйымы мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен шерудің нәтижелерін бөлісті.

«Экология министрлігі, елорда әкімдігінің және құқық қорғау органдарының өкілдері көлдің жағдайын өз көздерімен көрді. Экскурсия барысында қатысушыларға суды қорғау талаптарын бұзатын құрылыс салу, рұқсатсыз қоқыс төгу және көлдерді құрылыс қалдықтарымен толтыру сияқты бірқатар заң бұзушылықтар көрсетілді. Құзырлы мемлекеттік органдар көлдің қалпына келтірілгені мен оның қаланың көл қорында бар екенін мойындады», - деп атап өтті экобелсенділер.

Осы ретте, экологтар шенеуніктерді қала ішіндегі табиғи экожүйені назардан тыс қалдырмауға және оны сақтауға шақырды.

«Ерте ме, кеш пе, табиғат өз дегенін алып, құрылыс алаңындарындағы су өз зардабын тигізбей қоймайды. Яғни, бұл жерде салынып жатқан тұрғын үй кешендері мен мектептердің тұрғындары үшін бұл өте қауіпті. Сондықтан әкімдік дәл қазір құрылыс салуға тыйым салып мәселені дер кезінде шешпесе, кейін бұл бұдан да қымбатқа түсетін болады», - деп нақтылады «SOS Taldykol» қоғамдық бірлестігінің өкілдері.

Қазақстан Халық партиясы құрылысшылар табиғи су қоймаларының орнында көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу үшін көлді құрғатуға тырысқан айтып дабыл қағып, Кіші Талдыкөлді сақтап қалу маңызды екенін жөніндегі мәселені бірнеше рет көтерген болатын. ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев бастаған партия мүшелері құрылыс алаңына барып, ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаттары Бас прокуратураға шағымданған еді.

«Біз дабыл қағып, Талдыкөлді сақтап қалуды талап еткенде елорда әкімдігі ештеңе деместен Талдыкөлді көл емес деп мәлімдеп, табиғатқа қарсы шыққандардың жағында болды. Бірақ, табиғат өз дегенін алады! Ал енді бұл экологиялық хаосқа кім жауапты болады?», - деді ҚХП депутаты Ирина Смирнова.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy